Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы виртуалды экскурсия мен сабаққа шақырады
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды. 30 Сәуірде музейдің muz-kar-izo.kz/ru ресми сайтында «Бір шаңырақ астында» («Под одним шаныраком») виртуалды сабақ пен камералық көрме өтеді.
– 30 сәуірде біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған виртуалды музей-сабақ өткіземіз. Сабақтың ұзақтығы – 15 минут. Онда біз әр жылдары халықтардың жер аударылу тарихын және Қазақстанның көпұлтты елге қалай айналғанын айтып береміз, – дейді музейдің ғылыми қызметкері Назерке Жартын.
Сондай-ақ, 30 сәуірде музей қорынан әр түрлі техникада 15 сурет қойылған виртуалды мини-көрмеге қатысуға болады.
– Бұл Карлагта жазасын өтеп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің жұмыстары. Олардың көбі Қарағанды бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар, – деп түсіндірді Назерке Жартын.