Қарағандыға он жеті тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

Қарағандыға COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар дерттерді емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы келіп түсті. Медикаменттерді чартерлік рейспен ресейлік Нижний Новгород қаласынан жеткізді.
Авиарейс Қарағанды облыстық әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Медициналық препараттардың жалпы салмағы 17 ноннаны құрайды. Дәрілердің жартысы – 8,5 тоннасы біздің облысқа арналған. Жүктің қалған бөлігі Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелтіледі.
Бұл жеткізілу гуманитарлық көмек болып табылмайды.
Медикаменттер дәріхана желілерінің дистрибьюторымен сатып алынған. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу және енгізу процедураларын жеңілдету және логистика жөніндегі мәселелерге қолдау көрсетті.
Аталмыш партия стационарлар мен дәріханалар арасында таратылады.
Бүгінгі таңда өте қажетті препараттар сатып алынды: цефтриаксон, реамберин, клексан, преднизолон, циклоферон, азитромицин және ыстықты басатын дәрілер.
Жақын уақытта медикаменттер Қарағанды облысының дәріхана сөрелеріне және қалалар мен аудандардың стационарларына жеткізіледі.
Сондай-ақ өңірімізге 700 мың қаптама көлемінде парацетамол жеткізіледі деп күтілуде.
Облыс тұрғындарының қажеттілігін өтеуге арналған дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған