Қала туралы алғашқы әсер осы жерден басталады: бұрыңғы және қазіргі қарағанды вокзалы

Қарағанды темір жол вокзалында қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Осыған дейін әлеуметтік желілерде қарағандылықтар вокзалдың жаңартылған ғимаратын сынға алған болатын. Бүгінгі күні тұрғындар атап өткен барлық кемшіліктер жойылды. Қайта құру нәтижелерімен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқарбек Халтонов және қала жұртшылығы танысты.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – ның «Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі» филиалының директоры Марлен Көкірекбаев қарағандылықтар мен жұртшылық бірінші кезекте вокзалдың сыртқы келбетінсынға алғанын атап өтті. Сондықтан құрылысшылардың басты міндеті ғимараттың тарихи келбетін сақтап, сонымен қатар оны қазіргі заманғы нормалар мен талаптарға сәйкес ету болды.

– Біздің қоғамшылдар тарапынан вокзалдың тарихи сипатын сақтап қалуға үлкен тілек болды, біз ішкі және сыртқы әрлек кезінде барынша ескеруге тырыстық. Әрине, шағын өзгерістер бар. Колонналар пайда болды, гранитпен әрлеу жүріп жатыр, – деп атап өтті Марлен Көкірекбаев.

Қыс аяқталған соң мердігерлерде кеспе тастарқа қатысты қиындықтар туындады. Бүгінде олар 6 мыңнан астам шаршы метр жерді қайта төседі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.
Мердігерлер өз жұмысына үш жыл кепілдік береді. Егер кенеттен қандай да бір кемшіліктер пайда болса, оларды өз есебінен жоюға міндеттенеді.
– Жалпы ансамбль сақталып қалды. Мен 1968 жылы салынған біздің вокзалдың құрдасы ретінде, әрбір қарағандылық үшін ол қаланың басты нысандарының бірі екенін айтқым келеді. Вокзал ғимараты ерекше құнды. Қарағандылықтардың барлық ескертулері жойылды. Алайда, әлі де ұсақ кемшіліктер бар, олардың да орнын толтыру керек, – деп атап өтті Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Жақын арада Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, автовокзал ғимараты да жөндеуден өтеді. Соңғы рет оны 2010 жылы жаңартқан.
– Адамдар Қарағандыға келген бетте ең алдымен вокзал маңындағы алаңға көз тігеді, содан қала туралы пікірі қалыптасады. Алғашқы әсерлер осында туады. Алаңның бір бөлігі абаттандырылған, сондай-ақ гүлдер мен әшекейлер болады. Бірақ бұл жерде автовокзал ғимараты тұр. Және ол жалпы конфигурацияға сәйкес келмейді. Жаңартылған вокзалмен барынша үйлесу үшін автовокзалға да тиісті түрге жөндеу жасау керек. Мұнда үш меншік иесі бар, олар өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған