Қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Осакаров ауданының №29 орта мектебінің ұжымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
«Сенокосное селосы №29 орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымы коронавирустық инфекцияның пандемиясына және Қазақстанда енгізілген ТЖ режиміне байланысты аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету мақсатында акция ұйымдастырып, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Ауыл тұрғындары осындай қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсеткен көмегі үшін мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.