Айыппұл тұрағы ашылды

Осакаровка кентінде жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілердің көліктері үшін арнайы айыппұл тұрағы ашылды.

Автотұрақта жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ұсталған автокөлік сақталады. Бұл мас күйінде автокөлікті басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз, жалған нөмірлермен жүру. Сонымен қатар жол жүрісі кезінде аялдау қағидаларын бұзу, құқық қорғау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау. Болашақта көлігін қайтару үшін жүргізуші айыппұл төлеп, машинаны қайтаруға рұқсат алуы керек.

Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысының айтуынша,  жыл басынан бері Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Осакаров ауданында бірқатар рейдтер жүргізген. Рейд барысында 40 көлік заңнамасын  бұзушылық анықталған.  Тәртіп бұзушыларға қатысты 4 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік материалдар толтырылып, жүкті рұқсат етілген салмақтан артық тиегені үшін 160 мың теңгеден астам сома республикалық бюджетке өндірілді. Айыппұл тұрақтарын ашу автомобиль жолдарын сақтау жоспары аясында жүзеге асырылуда. Аталған шара Жезқазған және Теміртау қалаларында іске асырылуда, енді Осакаров ауданында да айыппұл тұрағы ашылды,- деді Ермек Жақыпов.

Айып тұрағы 1086 шаршы метр аумақты алып жатыр. Үш бейнебақылау орнатылған және оны Күзет агенттігінің 4 қызметкері тәулік бойы күзетеді. Мұнда 30-дан астам ауыр жүк көлігін орналастыруға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған