Аймақтық экономика және оны басқару

Үшінші басымдық

Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Осыған орай, аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болады.

2020 жылдан бастап кенттер және ауылдық округтер бюджетінің дербес деңгейі енгізілді.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық әлеуетті дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелері, негізінен, нарықтық тетіктер арқылы айқындалады. Сонымен қатар мемлекет елдің орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тіршілігі және бар ресурстық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін жүйелі жағдайды қамтамасыз етеді. Тиісінше мемлекеттің аймақтық даму үдерістерін реттеудегі міндеттері де өзгереді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бюджеттер арасында қаржы ресурстарын ішінара қайта бөлу, бюджеттік өтінімдерді жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу, аудандық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджет жобасын жергілікті қоғамдастықтың жиналысына ұсыну, т.б мәселелер бойынша аймақтық экономика қалыптасады.

Қазіргі кезеңде ауылдарда  жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады.

Ержан Теміров,

аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған