Аграрийлердің алдына қойылған міндеті көп

Осакаров ауданы Қарағанды облысының ірі астық егетін аймақтарының бірі, жалпы агроөнеркәсіп саласы бойынша облысымызда алдыңғы қатарда. Ауыл шаруашылығы саласы үстіміздегі жылы толайым табыстарға толы болып отыр.

Қазіргі таңда ауданның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы еңбек өнімділігін арттыру. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық жаңа технологиялары мен озық тәжірибелерін өндіріске енгізуді жүзеге асырумен қатар Тұқым шаруашылығының дамуына да көмек көрсетеді

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды үйлестіру арқылы әр жыл сайын ауданның егістік алқаптарын ұлғайтып, егін шаруашылығында ауыспалы егіс жүйесін сақтап отыр.

Мал шаруашылығында мал шығынын болдырмау, жұқпалы аурудан мал басын аман сақтау ауыл шаруашылығы бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қабылда Абильдинов басшылық етіп отырған ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің ұжымы бір жеңнен бас, бір жағадан бас шығарып, асқан ұйымшылдықпен еңбек етіп келеді. Бөлімде бөлім басшысының орынбасары Ардақ Жапаров, сектор меңгерушісі Жақсыкелді Жанарстанов,  жер инспекциясы секторының меңгерушісі Калиматолла Кабидал, бөлімнің бас мамандары Ербол Омашев, Оралбек Аманжол, Жазира Курбанбекова, Еркежан Кенесбай, Заманбек Каратай қажырлы еңбегімен маңызды сала қарқынды даму үстінде. Сондай-ақ бөлімде Людмила Торбан, Екатерина Софронова, Анзия Кемельбекова, Валерий Колесниковтың үлесінсіз ұжым толыққанды болмас еді. Еңбек жолын ауыл шаруашылығына арнаған еңбек ардагері Жұмағазы Сапаров әлі -де жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Ауданның басты әлеуетінің көрсеткіші

Аудан бойынша 610 ауыл шаруашылығы құрылымы бар. Ауыл шаруашылығындағы үлес салмағы дәнді дақылдар. Ағымдағы жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егістігі 371,7 мың гектарды құрады. Жаз бойы тынбай тер төккен аграрийлердің еңбегі ақталды. Ауданда егін жинау науқаны аяқталып, алқаптан 350,5 мың гектар дәнді дақылдар жиналды. 12,0 ц/га орташа өнімділік кезінде 419,4 мың тонна астық. 348,2 мың тонна бидай, 63,4 мың тонна арпа, 4,4 мың тонна сұлы, 3,4 мың тонна масақ қоспасы  терілді. Майлы дақылдардың жалпы түсімі 12,9 мың тоннаны құраса, 8,2 мың тонна картоп, 2,1 мың тонна көкөніс алынды. 223,0 мың тонна азық дайындалып, 5,6 мың тонна пішендеме салынды.

Ауданның суармалы жерлерінің жалпы ауданы 14,0 мың гектарды құрайды. Цифрландыруды енгізу аясында ауданда 456,6 мың гектар егістікті немесе 108,8% цифрлау жүргізіліп, электронды карталар жасалды. Техника сатып алу есебінен ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 6 млрд. 932 млн. теңге бағытталды.

Ағымдағы жылы техника мен жабдықтар сатып алу, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 7 млрд.137,4 млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Ауыл шауашылығы бөлімінің басшысы Қабылда Абильдин:

Ауыл шаруашылығы саласы ауданның басты әлеуетінің көрсеткіші саналады.  Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орындалуы 39 млрд. 491 млн. теңгені немесе 103,1% құрады.  Өсімдік шаруашылығы-27 млрд. 685 млн. теңге -103,6%. Жиналған мол өнім – ең алдымен  дала еңбеккерлерінің ерен еңбегі. Шаруалар келер жылыда осындай зор табысқа жетуге әзірленуде. Мал шаруашылығының көрсеткіші – 11 млрд. 740 млн. – 102,2%. Алдымызда ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту  мақсаты тұр. Жүктелген міндетті абыроймен атқаратындықтарымызға сенімдімін, – деді бас аграрий.

2020 жылдың 9 айында мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің, мал мен құс басының өсуі қамтамасыз етілді. 5,9 мың тонна ет, сүт – 38,5 мың тонна, 6,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал 109,9% өсіп отыр.  Фермерлер мемлекеттің қолдауын да тиімді кәдеге жаратып отыр бүгінде. Жыл басынан бері аудан шаруалары 680 бас ІҚМ сатып алуға 311,8 млн.теңге сомасына 36 кредит берілсе, 257 бас ұсақ мал сатып алуға 12,5 млн. теңге сомасына 2 кредит берілді.

Осакаровка және Молодежный кенттерінде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағаларын төмендету үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде. Оған ауыл шаруашылық құрылымдары мен аудан тұрғындары, сондай-ақ облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Жергілікті шаруалардың дайындаған табиғи таза өнімдері – сапасы жоғары ет, сүт, қаймақ, май, құрт сұранысқа ие. Себебі, бұл. Әр жұманы аудан халқы асыға күтіп, бір аптаға қажетті азық-түлікпен қамданып алуды әдетке айналдырған.

2020 жылдың басынан Осакаровка, Молодежное кенттері мен Қарағанды, Астана, Теміртау қалаларында 64 жәрмеңке өткізілді, онда 142,7 млн.теңге сомасына өнім сатылды.

Еңбектері еленді

Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні ауданда бар сән-салтанатпен аталып өтпесе де, осы салаға өлшеусіз үлес қосқан мамандар марапатталып, ерен еңбектері еленді. Мереке қарсаңында  ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің медалі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, аудан әкімінің алғыс хаты өз иелерін тапты.

«Еңбек ардагері» медалімен Чолокиди Михаил Михайлович, АШМ  Құрмет грамотасы Жанзаков Толеу, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен  Ельшин Баян Даниярұлы, Омарбеков Баян Жұмашұлы ұлықталды. «2020 жылы цифрландыру элементтерін енгізген шаруашылық» номинациясын Солюлев Александр Анатольевич басқарып отырған «QUNDYZDY AGRO» ЖШС,  «Үздік астық шаруашылығы» Ранерт

Виталий Викторовичтің «РАССВЕТ-В.Р.» ЖШС, «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бойынша көшбасшы» номинациясына Бутузов Сергей Николаевичтің  «Start-2019» ЖШС, «Дәнді дақылдарды жинау бойынша үздік комбайнер» «Найдоровское» ЖШС механизаторы Чаус Владимир Александрович лайық деп танылып, марапатталды.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған