«ADAL» үгіт-насихат жұмыстарының бір күні: тұрғындардың шағымдары, келіспеушілік митингі

«ADAL» партиясының тағы бір белсенді үгіт-насихат күні мазмұнды болды. Партиядан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер халықтың проблемалық мәселелерін білді, аймақтардағы партия мүшелерімен сөйлесті, тіпті үміткерлердің бірі митингке қатысушы болды.

Үміткер Ләззат Шыңғысбаева кездесулерді Алматы облысында жалғастырды. Ол Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ол партияның бағдарламасы туралы айтып, ауыл тұрғындарының мәселелерін білді. Сонымен, тұрғындардың бірі ашуланып: «Мемлекет неге көп балалы отбасыларға баспана бермейді? Онсызда бізге отбасымызды тамақтандыру, қамтамасыз ету оңай емес. Барлығы қымбаттауда – тамақ та, киім де. Үй сатып алу менің мүмкіндігім жетпейді! »

Басқасы қазір білім беру өте қиын дейді. Оқушылар бағдарламаны түсінбейді, көптеген тақырыптар мектепте еркін режимде өтеді. Оның айтуынша, тіпті ересектерге де бастауыш мектепте оқылатын тақырыптарды түсіну қиын. «Мектептегі білім беру бағдарламасын жеңілдету қажет!», – деп санайды әйел.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары фермерлерді қолдау шараларын жетілдіру-қаржылық көмек көлемін арттыру қажет деп санайды.

Текелі қаласының тұрғындары партия бағдарламасына қолдау білдіріп, билік органдарына ірі кәсіпорындар ашуды ұсынды. Бұл, олардың пікірінше, жұмыссыздықты төмендетудің кепілі.

Бүгін Өскеменде Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Алина Асқарова, Лаура Маликова облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесу өткізді.

Қала қонақтары партияның сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сонымен қатар халықтың барлық санаттарын қамтуымен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне тоқталды.

ҚР Мәжіліс парламентінің депутаттығына кандидат Алмасбек Садырбаев үшін Қызылорда қаласында жоспарланған үгіт-насихат күні жоспар бойынша өтпеді. Үміткермен кездесуге ниет білдірген фермерлер оны ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы ретінде облыс басшылығымен кездесуге шақырды.

Мәселен, қаржы жағынан қолдау таппаған адамдар мал өсірушілерге мемлекеттік субсидияны бөлу нәтижесінде облыс әкіміне шағымдануға шешім қабылдады.

Жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында Алмазбек Садырбаев көптеген фермерлердің пікірін білдірді.

– Маған үгіт-насихат жұмыстары аясында екенімді біліп, көптеген жергілікті фермерлер шықты. Мен митингке шыққандармен келісемін. Себебі ауыл шаруашылығы Министрлігі әзірлеген субсидияларды бөлу жүйесі дұрыс емес. Бұл жүйе әділетсіз! Бұл көптеген фермерлерді қамтуға мүмкіндік бермейді және заңсыз әрекеттерге жол ашуы мүмкін. Біреу мемлекеттен көмек алады, ал мыңдаған адам – жоқ, – деді Алмасбек Садырбаев.

«Өзіңіз қараңызшы, тек Сарыағаш ауданының өзінде 58 адам субсидия алған жоқ. Бұл қалай шықты? Бізге ақша жетіспеді, жүйе дұрыс жұмыс істемеді, техникалық ақау болды дей береді. Әдейі ме? Бұл сұрақ. Бұл әлі анықталуы керек», – дейді кандидат.

Депутаттыққа үміткер, көптеген басқа қатысушылар сияқты, «министрліктен фермерлер биылғы жылы алмаған субсидияларды келесі жылы бергені туралы бұйрық шығуы керек. Мұндай бұрын да болған еді», – деген оймен келіседі.

Өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықова наразы адамдармен әңгімелесті. Ол ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына сөгіс жариялады. Және субсидиялаудың 80%-ы Қазалы ауданына кеткендігінің себебін анықтау үшін тексеру жүргізілетініне сендірді. Сондай-ақ, өңір басшысы ауыл шаруашылығы министрімен субсидия беру жүйесін жетілдіру жөнінде әңгіме қозғады.

Анықтама:

2013 жылы Қазақстанда «Бірлік» саяси партиясы құрылды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

2020 жылдың 5 қарашасында «Бірлік» өз атауын «ADAL» деп өзгертті (қаз. «Адал» – «адалдық»).

Партияның саяси кеңесінің мүшелері:

Серік Сұлтанғали, Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Алина Асқарова, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Лаура Маликова, Ляззат Шыңғысбаева, Жигули Дайрабаев, Ғалымбек Жақсылықов, Ақмарал Бекмырзаева, Нұрлыбек Мәлелов, Ғани Абадан.

БАҚ үшін байланыс мәліметтері:

Назым Жангазинова: +7 701 887 83 26

Айдана Ибраева: +7 702 667 07 00

E-mail: press@adalpartiyasy.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған