Адагерлерге арналған ерекше сый

Қазіргі таңдағы төтенше жағдай кезеңіндегі карантин режиміне байланысты мерекелелік шаралар дәстүрін де өзгертті. Ұлы Жеңістің 75 жылдығында аудан халқы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоймады. Әдеттегідей алаңда, мәдениет үйлерінің сахнасында концерттер қойылмады. Есесіне өнерпаздар ардагерлер тұратын үйлердің ауласына барып, ерекше концерт қойды.

Жеңіс күні қарсаңында ауданның мәдени-сауық орталығының өнерпаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен ардагерлерді құттықтап, патриоттық шығармалар мен соғыс жылдарының әндерін орындады.

Николай Кошевец,  Арман Бапанов, Анаргүл Наурызхан, Толғанай Бағдатова «День Победы»,  «Смуглянка», «катюша» әндерін шырқап, майдангерлерге ерекше сый жасады.

Жастары жүзге тақап қалған қариялардың бірі орден, медальдарын жарқыратып, сән салтанатымен аулаға шықса, бірі думанды терезеден тамашалады. Ардагерлер құрметіне ұйымдастырылған мерекелік концертке ауладағы тұрғындар да тәнті болды.

Сонымен қатар Осакаров ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор Шыңғыс Сарбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шакирбеков, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Динара Бекова соғыс ардагерлерін құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

Жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  қатары сиреп бара жатыр, бүгінде ауданымызда  5 ардагер қалды.

Ілтипат, жылы сөз бен ыстық  ықыластың өзі де көңіліне демеу болатын қариялар көрсетілген құрметке алғыстарын жаудырды.

   

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.