«Ақ жол» партиясы Республикалық сайлауалды штабын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық сайлауалды штабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен. Айта кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында республикалық және партияның барлық филиалдарында осындай аймақтық штабтар құрылған болатын. Республикалық штабтың басшысы – Азат Перуашев, Болат Өтепбаев пен Айгүл Жұмабаева орынбасарлары болып тағайындалды. Штабқа орталық аппараттың барлық жауапты қызметкерлері кірді. Сайлау алдындағы құрылтайдан кейін штаб құрамына партиялық тізімдегі кандидаттар да енгізілді. Отырыс барысында Азат Перуашев штабтың қазіргі ұйымдастырушылық жұмысы туралы айтып берді. Осы аралықта БАҚ-пен келісім-шарттар жасалып, үгіт-насихат материалдары басылып, ел өңірлерінде 317 баннер орнатылған.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған