АӘК тағайындау коронавирусқа байланысты проактивті форматқа ауысты

Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек белсенді форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.

Бірінші кезекте жәрдемақы құрамы, тұратын мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, табысы және т. б. егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атап өткендей, жыл басынан бері 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам АӘК алушылар болды. Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олардың мәліметтері бойынша, АӘК алушылардың 41,5%-ын көп балалы отбасылар құрайды.

Осыған ұқсас кесте бойынша шартты әлеуметтік көмекті тағайындау көзделген. Егер әлеуметтік көмек алушының мәртебесі өзгермесе, жеке жоспарда 2020 жылдың бірінші тоқсанымен ұқсас шаралар жүзеге асырылады. Барлық хабарламалар электрондық түрде жіберілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында 1,5 млн қазақстандықтарға белсенді форматтағы көп балалы туралы жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Азаматтар төлемді 2020 жылдың қаңтар айының басында алды. Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға бірқатар қызметтерді алуға онлайн-өтініш беру мүмкіндігін ұсынды. Мәселен, зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жүктілік немесе босануға байланысты табыстың тоқтауына қатысты төленетін әлеуметтік төлемдер, мұқтаж азаматтардың әлеуметтік өтемақылары жекелеген санаттарына байланысты жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша және т. б. онлайн-өтініш беру механизмімен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған