Ақбұлақ ауылдық округінде риясыз көмек көрсетілуде

Ақбұлақ ауылдық округінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында ауылдың еріктілері С.Сахавайн, Ш.Турдышева, Г.Хулзат әкім аппаратымен бірлесе отырып, қарт адамдар мен көп балалы отбасыларына  тегін бетперде тарату бойынша жұмыстар жүргізді. Аталған бет перделерді өз қолдарымен тігіп дайындаған. Сонымен қатар азық-түлік пакеттері таратылды.

Осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз,- дейді еріктілер. Ауыл тұрғындары көрсетілген риясыз көмекке алғысын білдіруде.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған