Қағазсыз болашақ: Қарағанды облысында электрондық құжат айналымына көшеді

Қарағанды облысы цифрлауға елеулі қадам жасауға дайын. Құжаттардың қағаз нұсқалары өткенге кетпек. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде барлық құжат айналымын электрондық форматқа көшіруді талап етті. Өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісуде.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Documentolog компаниясының басшылығымен кездесті. Ол құжат айналымын автоматтандыру саласында отандық көшбасшы болып танылды.
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер бұлтты технологияларда құрылған өз шешімдерін ұсынды. Компания екі жобаны ұсынды: әкімдіктердің ішкі қызметін автоматтандыру және ведомстволық бағынышты ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша.

– Екі жобаның да көздегені бір мақсат – қағаздан бас тарту. Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбасы бар құжаттарды қағазға теңестіруге мүмкіндік беретін барлық қажетті заңнамалық база бар, – деп атап өтті Documentolog бас директоры Байжан Қанафин.

Интернет арқылы әркім мемлекеттік органдарға хабарласып, жауап ала алады. Хаттарды қағаз тасығышқа басып шығарудың қажеті жоқ.
Электронды қарым-қатынас бюрократиядан құтылумен қатар материалдық пайда әкеледі. Миллиондаған теңгені қағаз сатып алу, курьерлік қызметтер, принтерлер мен сканерлерге қызмет көрсетуді қысқарту арқылы үнемдеуге болады.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

– Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі толығымен электронды құжат айналымына көшеді. Мұны қысқа мерзімде жоспарлап отырмыз. Пилоттық жобаларды Саран әкімдігі мен ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар басқармасында іске қосамыз. Бұдан кейін басқа да мемлекеттік органдарға енгіземіз, – деді облыс әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған