50 жас – ердің жасы

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қанабек Тулеовты мерейтойымен құттықтап, марапат көрсетті.

  • Ауданымыздың даму жолында атқарған көп жылғы еңбегіңізді бағалап, сыйлы азамат ретінде құрметтейміз. Алдағы уақытта да, еліміздің көркейуіне атсалысып, өз үлесіңізді қосарыңызға сенімдімін,- деген аудан басшысы, еңбегіне табыс тіледі.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Қанабек Аманбайұлы қай  істе болмасын өнегелі еңбегімен,  тындырымды істерімен үлгі бола білді. Еңбек өтілінің 16 жылын аудандық Әділет басқармасында атқарды. Білімді, тәжірибелі үздік маман бас маманнан, басшының орынбасары, басқарма басшысы қызметіне дейін көтерілді.

Қанабек Аманбайұлының атқарушылық, талапшылдық қасиеттері, кәсіби біліктілігі бір төбе болса, адамгершілік, мейрімділік және әріптестеріне деген ілтипаты оның  беделін арттырды. Қызметтік міндетіне адал әрі жауапты азамат өзінің еңбекқорлығымен ұжымда құрметке ие.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.