42 500 теңге көлемінде төлем алушыларға карантиннің ұзаруы салдарынан 0,5 ЕТЖ қосымша аударылады

Қазақстанда карантиннің екі аптаға ұзартылуына байланысты төлем алушыларға 42 500 теңге ең төменгі жалақының тағы бір жартысы – 21 250 теңге автоматты түрде аударылатын болады.

Карантин ұзартылғаннан кейін 42 500 тағайындауға алғаш өтініш берген қазақстандықтарға төлем 1,5 ЕТЖ мөлшерінде немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, бір жолғы төлем 42 500 теңге табысы толық жоғалған жағдайда тағайындалады.

Жәрдемақыға: жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда) үміткер бола алады. Төлемді жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын адамдар ала алады. Сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатындар және бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге тиесілі.

Төлемдер табысты ішінара жоғалтқандарға; мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы алушыларға; БЖТ төлеушілерге, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ешқандай төлем жүргізбегендерге; соңғы жарты жылдықта зейнетақы төлемдері жоқ азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін фрилансерлерге; пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі тұлғаларға тиесілі емес.

30 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам қазақстандықтан өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Қазірдің өзінде 2 млн 58 мың қазақстандыққа ақша аударылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған