«30 игі іс» республикалық акциясына Қарағанды қосылды

Кеншілер шаһарында «30 игі іс» акциясы басталды. Ол «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабының бастамасымен құрылған.

Акция аясында жас белсенділер балалар үйлерінің бірінің аумағын қардан тазартты, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық маскалар таратты.

– Маска инфекциядан қорғану ғана емес, салауатты өмір салтына шақыру болады. Бүгінгі акция, ең алдымен, ақпараттық сипатқа ие. Біз қарапайым ережелерді сақтай отырып, коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға, өзімізді және жақындарымызды қорғауға болатындығын түсіндіреміз, – деді Жастар қозғалысының белсендісі Умар Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, акция еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және болашақта да жалғасатын болады.

assembly.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған