23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00-ден бастап Қарағанды облысының барлық аумағында енгізіледі. Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.

– Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды, – деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

ХҚКО-лардың, банктердің және «Қазпочта» бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып).

Қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйымдар штатының 60% ұашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шараларсыз.

Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.

Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады.  Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.

Кинотеатрлар көрермендермен толығуы  20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).

65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз далаға шығуды шектеу ұсынылады.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, массаж салондары, СОО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілері, ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды, сұлулық салондары мен химиялық тазартқыштарды қоспағанда, қызметі тоқтатылады.

Жұмыс күндері сауналар, моншалар, СПА және массаж салондары 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады:

Қарағанды-Теміртау – Қарағанды, Қарағанды – Саран – Қарағанды, Қарағанды – Абай – Қарағанды, Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды, Қарағанды – Шахан – Қарағанды, Қарағанды – Топар-Қарағанды.

– Коронавирустың алдын-алу көбінесе өзімізге байланысты. Масканы киіп жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз, – деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған