Аудан құрдасын қарттар күнімен құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күні аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саққұлақов пен аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шакирбеков аудан тұрғыны Юрий Манушкинді құттықтап барды.

Юрий Степанович 1968 жылдан бері аудандық әскери комиссариатта еңбек етіп, 24 жыл қызметін әскерге шақырылған жастармен жұмыс жүргізген. Өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі, тәлім-тағылымының орны бөлек жан 80 жас мерейтойын тойлады.

Аудан құрдасы Юрий Манушкин қонақтарға ризашылығын білдіріп, немересі әйгілі баскетболшы Александр Жигулиннің жетістіктерімен бөлісті. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған