2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Қарағанды облысы бойынша карантин енгізіледі

 Коронавирустың таралу географиясының кеңеюіне байланысты Қарағанды облысы аумағында 7 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізіледі. Олар туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров егжей-тегжейлі айтып берді.

Осылайша, 2020 жылғы 7 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысының карантиндік аймағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады.
Карантиннің кәсіпкерлік және халықтың өзге де тіршілігінің жағдайлары қарастырылған ерекше тәртібі Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының бірнеше елді мекендерінде: Доскей, Үштөбе, Ботақара, Көкпекті, Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл, Петровкада енгізіледі.

Көрсетілген елді мекендердің тұрғындарына келесідей жағдайларды қоспағанда, тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады:
– тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;
– дүкендерде және дәріханаларда тұратын және (немесе) жұмыс орнынан 1 500 метрден аспайтын радиуста азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
– шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемелерге шығу;
– тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын радиуста үй жануарларын серуендету (карантиндік кіреберістер және үйлерден басқа), сондай-ақ шұғыл жағдайларда жақын маңдағы мал дәрігерлік клиникаға бару;
– тұратын жерінен жанармай сатып алу үшін жақын маңдағы авто -, газ құю станциясына келу;
– банктік операцияларды жасау.
Карантиннің ерекше тәртібі қолданылатын аумақта қалалар мен аудандардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін түрлерді қоспағанда, барлық ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Кәсіпорындарға қызметкерлерді міндетті санитарлық өңдеу шарты орындалған қызметтік көлікпен ғана жеткізуге болады. Сондай-ақ, үйлеріне де қайта тасу керек.
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен бөлімшелері карантиндік аймақ шегінде тек инкассаторлар, техникалық қолдау инженерлері және т. б. үшін жүруге рұқсат беру арқылы сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ Қанат Асқаров облысаралық, ауданаралық, қалааралық, қалалық жолаушылар тасымалы келесі қалалардың ішінде де, қаладан шығар жолда да тоқтатылады: Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында; Бұқар Жырау ауданының бірнеше елді мекендерінде: Доскей, Үштөбе, Ботақара, Көкпекті, ат. Ғабиден Мұстафин, Петровка. Қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек ресми таксимен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Көлікте тек бір жолаушыны тасымалдауға рұқсат етіледі.

Қарағанды облысының қалған қалалары мен аудандарында жолаушылар көлігі әзірге өз жұмысын жалғастыруда.
2020 жылы 7 сәуір сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысында барлық авто және темір жол вокзалдары, әуежайлар жұмыс істемейді (арнайы рейстер, жүк, пошта тасымалдауды және 2020 жылғы 7 сәуір сағат 00.00-г дейінгі техникалық тұрақтардың экипаж ауысымын есептемегенде).
Қарағанды облысы арқылы жүріп өту аялдамасыз және тоқтаусыз өтетін транзиттік көліктер үшін ғана қамтамасыз етіледі.
Қайғылы жағдай болған кезде жерлеу рәсімінде 10 адамнан артық болмауы тиіс. Жиналғандар бір-бірінен кем дегенде екі метр қашықтықта тұруы тиіс.
Облыстың басқа қалалары мен аудандарында келесі шектеулер енгізілуде:
– азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін пайдалану және жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі;
– халықтың жаппай жиналатын орындары – саябақтар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер көшелері, ойын алаңдары және т. б. жабылады;
-бизнес-орталықтардың жұмыс тәртібі шектеулі – 10.00-ден 15.00-ге дейін;
– барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыс күнін екі сағатқа қысқарту ұсынылады;
– ауданы 2 000 шаршы метрден кем нысандардың және азық-түлік емес тауарларды сату бойынша барлық нысандардың қызметі тоқтатылады;
– мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар жабылады. Сұлулық салондары, қоғамдық моншалар мен сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатады;

– мейрамханалар мен дәмханаларға тек тағамдарын жеткізу арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
– көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда топтармен үш адамнан артық жиналыстарға тыйым салынады (отбасы мүшелерінен басқа). Кәмелетке толмаған азаматтарға қала бойынша ересектерсіз жүруге тыйым салынады.

– Қабылданған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз. Карантинді сақтаңыздар. Өзіңізді сақтаңыз! – деп қарағандылықтарға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері үндеу жолдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған