19 сәуірде «Бастау бизнес» курсына жазылу басталады

19 сәуірде «Бастау бизнес» жобасына қатысуға ниет білдірушілерді қабылдау басталады. Оған дейін үміткерлерге тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталлықтарына жүгініп, жолдама алу керек.

Биыл «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту 26 сәуірде басталады. Қарағанды облысында бірінші лекке 448 адам жинау жоспарлануда. Ал бір жыл ішінде шамамен 1 250 адамды оқыту көзделіп отыр.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты курстар Atameken Academy онлайн-платформасында қашықтықтан өткізіледі (https://atameken.co/ru). Өтінімдерді қабылдау 19 сәуірден басталады.

Жобаға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыйтындар, еңбекке қабілетті мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар, бизнесте үш жылға дейінгі өтілі бар жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (зейнеткерлік жасқа жетпеген), шаруа және фермерлік қожалықтарының мүшелері қатыса алады.

Оқудан өту құқығына жастар және зейнеткерлік жасқа дейінгі ауыл және қала тұрғындары ие.

Оқу мерзімі – 21 күнге дейін жалғасады. Курс түлектеріне сертификаттар табысталады.

Үміткер мәртебесін растау және оқуға жолдама алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болуы тиіс.

Толық ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады:

– Қарағанды, Ермеков к-сі, 29 үй, 302 каб., 8-747-268-48-38, (8-7212) 50-64-18;

– Жезқазған, Ғарышкерлер бульвары, 35 үй, (8-7102) 76-02-03;

– Теміртау, Димитров к-сі, 100 үй, (8-7213) 30-09-72;

-Балқаш, Шашубай шағын ауданы, 3Б үй, «Кулия» БО, (8-71036) 4-31-68;

– Приозерск, Достық к-сі, 7 үй, кеңсе. 1, (8-71039) 7-90-67;

– Саран, Кужанов к-сі, 2 үй, (8-72137) 7-90-70;

– Шахтинск, Московская к-сі, 27 үй, (8-72156) 4-95-96;

– Қаражал, 24-орам, 4-үй, (8-71032) 2-60-15;

– Ақтоғай ауданы – Ақтоғай ауылы. Байсейітова к-сі, 2 үй, (8-71037) 2-12-73;

– Абай ауданы – Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 2 үй, (8-72131) 7-90-09;

– Бұқар Жырау ауданы – Ботақара к., Абылай хан көшесі, 41б үй, (8-72154) 2-19-37;

– Нұра ауданы – Нұра көшесі, 37 үй (8-72144) 2-18-62;

– Шет ауданы – Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а үй, (8-71031) 2-16-41;

– Қарқаралы ауданы – Қарқаралы, Әубәкіров көшесі, 34 үй, (8-7214) 63-30-75;

– Осакаров ауданы – Осакаровка кенті, Достық көшесі, 29 үй, (8-72149) 4-30-04;

Жаңаарқа ауданы – Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік көшесі, 22 үй (8-71030) 2-64-52;

– Ұлытау ауданы – Ұлытау, Абай көшесі, 18-2, (8-71035) 2-14-15.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған