13 Сәуір 2020 Қарағанды облысындағы коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары

Қарағанды облысында 13 сәуірде коронавирусты жұқтырудың 11 оқиғасы зертханалық расталды. Бұл бұрын COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдар және пульмонологиялық госпитальдің бір пациенті.

Қазір барлығы індетке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде.
Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 76 жағдайы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім оқиғасы тіркелген және бір адам сауыққан.

Үй карантинінде 1 640 адам бар. Тәулік бойы бақылауда-543 пациент. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) қайтып келген немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған