13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өзімен бірге жүргізуші куәлігінсіз автомобиль жүргізуге рұқсат етіледі

Жүргізуші куәлігін және төлқұжатты өзіңізбен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заң 13 ақпанда күшіне енеді. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге бір ғана құжат – жеке куәлік жеткілікті болады. Бұл туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, техпаспортты, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық бақылаудан өткенін растайтын құжатты полицейлер планшет арқылы тексереді. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі жоқ елді мекендерде және трассаларда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа нормалар қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына әсер етпейді.

«Көлік құралын жүргізуші құжатынсыз жүргізу мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия және Литвада да енгізілген. Жүргізушілердің өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын көрсету міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық «сервистік» полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам», – деп атап өтті министр.

Бұл ретте жүргізушілер әлі де жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін өздерінің жауапкершіліктерін есте сақтауы тиіс. ІІМ басшысы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақырды, себебі жол қателіктерді кешірмейді.

Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған болатын.

Facebook

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған