Белсенді жұмыс жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында «Жалпы, дағдарыс бұл еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек»,- деді.

Әлем жұртшылығы үшін қатерге толы уақытта береке-бірліктің арқасында еліміз бұл індетті артқа тастары айқын. Дерттің кең таралуына жол бермеуге шұғыл шаралар жасалуда. Қазақстан халқына қыруар қаржы бөлінді, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылығы, отандық орта және кіші кәсіпорындар, медициналық қызметкерлер, білім беру саласындағы қашықтықтан оқыту, карантин кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар жағдайы да Президент назарынан тыс қалмады. Бұл бағыттарда қыруар шаруа атқарылуда.

Бірлігі – берік, мақсаты – биік елміз. Біз бұл қиындықты еңсереміз.

Гүлім Сембай,

«Аудандық «Сельский труженик» газетінің»  тілшісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған