1 қазаннан бастап Қарағанды облысында 80 жаңа жылдамдық өлшегіш кешен іске қосылады

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер 1 қазаннан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев және Саран қалаларында жұмыс істей бастайды. Қазір олар тест режимінде жұмыс істейді.

– «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында 80 жаңа кешен пайдалануға беріледі. Олар жылдамдық режимінің асып кетуін, тоқтау жолағынан өтуді және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтуді тіркейді, – деді Қарағанды облысы ПД ӘПБ аға инспекторы Еділ Әбілов Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте. – Орын алған бұзушылық туралы хабарлама автоәуесқойларға жазбаша түрде пошта арқылы да, еgov порталы арқылы SMS арқылы да келетін болады. Бұрынғыдай, жеті күн ішінде айыппұл сомасының 50% төлеуге болады.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 275 ЖКО орын алды. Апат салдарынан 79 адам қаза тауып, 300-ден астам адам түрлі жарақат алды. Статистикаға сүйенсек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.